«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕЛГЕ ОРАЛАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Біріккен Араб Әмірліктерінің бұрынғы елшісі Қайрат Лама Шариф Қазақстанға оралатынын мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Дипломат 2017 жылдың 20 маусымында Қазақстан Президентінің төтенше және өкілетті елшілердің бес жыл уақыт бойы шетелдегі мекемелерде үздіксіз жұмыс істеу керектігі жайлы заңға өзгертулер енгізгенін айтып өтті. “Мемлекет басшысының жарлығына сәйкес бүгін Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылдым. Борышымды өтеп, Қазақстанға ораламын”, – деп жазды Қайрат Лама Шариф Instagram желісіндегі парақшасында. Ал бүгін, 26 ақпанда Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Мадияр Смәділұлы Меңілбеков Қазақстанның БАӘ-дегі жаңа елшісі болып тағайындалды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp