Облыстық денсаулық сақтау басқармасы жергілікті БАҚ өкілдері үшін баспасөз турын ұйымдастырды. Денсаулық сақтау саласындағы сандық жүйе және әлеуметтік медициналық сақтандыру тақырыбы аясында журналистер қауымы облыс орталығындағы емдеу мекемелерінің жұмысымен танысты.
Алдымен БАҚ өкілдері Юбилейный шағын ауданындағы №3 қалалық емханада болды.
– Қалалық емханада 30 мыңнан астам адам тіркеуде тур. Тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсетуде бірқатар жаңашылдықтарды енгізудеміз. Науқастардың амбулаториялық картасы электронды жүйеге көшірілуде, – деді №3 қалалық емхананың бас дәрігері Әлия Тәшетова.
Одан соң журналистер облыстық кардиологиялық, онкологиялық диспансер мен офтальмологиялық диагностикалық орталықта атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Бұл туралы газетіміздің келесі санында оқи аласыздар.