«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕРЗІМІ ӨТКЕН АЗЫҚ-ТҮЛІК САТЫЛҒАН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы мониторинг жүргізді.

Үстіміздегі жылдың қаңтар айында тамақ өнімдері мен азық-түлік тобына жатпайтын тауарлардан 433 сынама алынып, соның 19,1 пайызы техникалық регламентке сәйкес болмай шықты. Тамақ өнімдерінен алынған 250 сынама қорытындысы бойынша жарамдылық мерзімі өткен, таңбасы көрсетілмеген, құрамында шошқа ДНҚ-сы бар шұжық өнімдері анықталды. Тайынша ауданындағы “Светлана” дүкенінде ресейлік “Омский бекон” АҚ-ның пісірілген шұжығы мен Аққайың ауданының орталығындағы “Сказка” дүкенінде жарамдылық мерзімі өткен ет өнімдері саудаланған. Сондай-ақ, Жамбыл ауданындағы бірнеше сауда нүктесінде шұжық өнімдерінің жарамдылық мерзімі өткені анықталды. Мамлют, Уәлиханов, Аққайың, Шал ақын аудандарындағы дүкендерде Ресей елінен жеткізілген кейбір шұжықтардың құрамында өнімнің түріне сәйкес келмейтін қоспалардың бары зертханалық зерттеу нәтижесінде белгілі болды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp