«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОНЛАЙН РЕЖІМДЕ ҚОРҒАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Алматы қаласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауынан 16 солтүстікқазақстандық оқушы жүлделі оралды. Биылғы білім сайысы онлайн режімде өтіп, қатысушылардың жетекшілері мен ата-аналары ғылыми жобаларды қорғау барысын бақылай алды.

“Дарын” республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін сайысқа еліміз бойынша 800 үміткер қатысты. Олардың қатарында біздің облысымыздан іріктеуден өткен 39 оқушының 28 ғылыми жобасы бар.

Байқау қорытындысы бойынша Мағжан Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжі жанындағы мектеп-лицейдің 9-сынып оқушысы Даниил Александров бірінші орынға ие болды. Ал екінші орынға қол жеткізгендердің қатарында Шал ақын ауданындағы Новопокровка орта мектебінің оқушысы Дияз Ертурин, Мағжан Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжі жанындағы мектеп-лицейдің оқушылары Екатерина Спиридонова мен Дания Шәріп бар.

Облыс орталығындағы Оқушылар сарайында жүлдегерлерді марапаттау рәсімі өтті.

Айгүл ЕСЕНҒАЛИЕВА, қазақ мектеп-гимназиясының мұғалімі.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp