«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

РЕКТОР ГРАНТЫНА АРНАЛҒАН ОЛИМПИАДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде биылғы мектеп бітіруші түлектер арасында жоғары оқу орны ректорының грантына арналған олимпиада өтуде. Білім сынағына 300-ге тарта үміткер қатысуда.

Алғашқы кезеңде қатысушылар “Неге мен педагог мамандығын таңдадым?” тақырыбында эссе жазды. Ал ертең болашақ түлектер жоғары оқу орнында шығармашылық тапсырмаларды орындайды. Жүзден жүйрік шыққан жеңімпаз ректордың грантына ие болып, университетте тегін оқу мүмкінідігіне қол жеткізеді. Сонымен қатар екінші, үшінші орын иеленгендерге де жеңілдіктер қарастырылған. Олар 40 және 20 пайыз жеңілдікпен оқитын болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp