«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СЕРТИФИКАТ ТАПСЫРЫЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100-ші қадамды орындады. Оған сәйкес, Канада мен Австралияның үлгісі бойынша мемлекеттік қызметтердің бірыңғай провайдеріне айналатын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясын құру тапсырылған болатын. 2016 жылдың сәуірінде жұмысын бастаған корпорация халыққа қызмет көрсететін барлық орталықтарды бір жүйеге интеграциялап, мемлекеттік қызметтерді жедел алу мүмкіндігін жасады.

Сондай-ақ Ұлт жоспарында мемлекеттік қызметті сапа менеджменті ISO 9000 сериясына сәйкес халықаралық сертификаттаудан өту міндеті қойылған болатын.Бұл тапсырманы орындау мақсатында 2017-2018 жылдары сапа менеджменті жүйесінің халықаралық стандарт қағидаттарын енгізу, қызметкерлерді оқыту жұмыстары жүргізіліп, корпорация қызметі біріздендірілді.     

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша, сапа менеджментінің халықаралық сертификатын алу – көрсетілетін қызмет деңгейі өскенінің дәлелі.  

«Азаматтарға арналған үкіметтің» ISO 9001:2015 халықаралық стандартының талаптарына сай келуін тексеру мақсатында сапа менеджменті жүйесін сертификаттау аудитін «TUVThuringen Е.V.» компаниясы (Германия) жүргізді.Корпорация  төрағасына ISO 9001:2015  сертификатын аудит жүргізген «TUVThringen Е.V.» компаниясының атынан «Интерсертифика-Тюф» ЖШС-нің  директоры Роман Карякин табыс етті. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp