23 ақпан күні облыс орталығындағы Дзержинский 2-ші қысқа көшесінің бойында орналасқан екі пәтерлі тұрғын үй отқа оранды. Оқиға орнынан 55 жастағы азаматтың мүрдесі табылды.
Өртсөндірушілер тілсіз жауды төрт техниканың көмегімен ауыздықтауға кірісті. Үй мен қора-қопсы бір-біріне жақын орналасқандықтан жұмыс қиындап, өрт 16 сағат 46 минутта толықтай сөндірілді. Дегенмен, бұл уақытта 32 шаршы метр ауданға жайылған жалын пәтерді түгел жалмап үлгерді.
“Қызылжар-Ақпарат”.