«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ КҮНІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірімізде кезекті өрт қауіпсіздігі күні өтті.

 Шара барысында облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің қызметкерлері, жергілікті тәртіп сақшылары және еріктілер жеке сектордағы әр үйге барып, өрт қауіпсіздігін сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Әсіресе, әлеуметтік аз қамтылған отбасылар мен көпбалалы аналарға басымдық берілді. Мәселен, Петропавл қалалық төтенше жағдайлар басқармасы мен  «Қызыл Жарты Ай» қоғамы облыстық филиалының қызметкерлері «Жас өркен», «Ойқала», «Береке» шағынаудандары мен Жұмысшы кентінде болып, 5-7 бала бағып отырған отбасылардың пештерін тексеріп, азық-түлік, киім үлестірді.

Жалпы бұл күні 240 қызметкер 2 мыңнан астам аулаға барып, 5 мың тұрғынға өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндірді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp