Облыстық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының тәртіп сақшылары екі күндік “Hi-Tech” жедел-алдын алу шарасының аясында он киберқылмысты анықтады.
Интернет-алаяқтыққа қатысы бар деген күдікпен павлодарлық 28 жастағы азамат және Рудный қаласының 32 жастағы тұрғыны ұсталды. Алғашқысына петропавлдықтарға қатысты – екі, екіншісіне алты интернет-алаяқтық жасады деген айып тағылып отыр. Олар интернетке пәтерді жалға беретіндерін жариялап, хабарласқан азаматтардан алдын ала төлем алған.