Өңірімізде «Борышкер» жедел алдын алу іс-шарасын қорытындыланды. Шараға 300-ге жуық полицей қатысып, 80 бірлік техника жұмылдырылды. Тәртіп сақшылары жеке сот орындаушыларымен бірлесіп, төленбеген айыппұлдары бар автокөліктердің иелерін тоқтатты.
34 жастағы азаматты тексеру барысында оның бірнеше ай бойы әкімшілік айыппұлды төлемей жүргені белгілі болды. Полицейлер борышкердің көлігін айыппұл тұрағына қойды. Енді ол рөлге айыппұлын толық өтегеннен кейін ғана отыра алады.
Үш күндік шара барысында тәртіп сақшылары жалпы сомасы 13 миллион теңгені құрайтын 1,5 мың түбіртек жазды.