«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҢА МИНИСТРЛЕР АНТ БЕРДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан жаңа үкіметінің алғашқы отырысы басталды. Премьер-министр Асқар Мамин министрлер кабинетінің мүшелерін құттықтап, үкіметтің жаңа құрамы айналысатын істерді белгіледі.

Біз мемлекет басшысының сенімін ақтауымыз тиіс. Жаңа құрам нәтижелерге бағытталған, нақты істермен айналысатын үкімет болуы керек. Елбасы алдымызға халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыруға, экономиканы одан әрі дизертификациялауға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған міндеттер қойды. Осындай нақты шаралардың нәтижесінде біз халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға қол жеткізе аламыз”, – деді Асқар Мамин. Премьер-министр “Нұр Отан” партиясының алдағы съезінде әлеуметтік қолдау шараларын күшейту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру жөнінде бірқатар жаңа шаралар жарияланатынын атап өтті. “Үкіметтің келесі отырысында съезде берілген тапсырмаларды қарастырамыз”, – деп түйіндеді премьер-министр. Асқар Мамин үкімет мүшелеріне сөзін аяқтағаннан кейін жаңа министрлер ант берді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp