«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СӘБИТ МҰҚАНОВ ТУРАЛЫ ДЕРЕКТІ ФИЛЬМ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қызылжардағы тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығында режиссер Орал Жүнісовтің 2004 жылы экранға шығарған жазушы Сәбит Мұқанов туралы деректі фильмі көрсетілді.

Оны зиялы қауым өкілдері, ардагерлер мен жастар тамашалады. Шара Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар” және “Ұлы даланың жеті қыры” бағдарламалық мақаласын іске асыру мақсатында ұйымдастырылды.

“Қыран даласы” жобасы аясында көрсетілген фильм жерлес жазушының өмірі мен шығармашылығын баяндайды. Туынды өткен ғасырдың аппаратурасында экрандалды. Жайлы зал, сапалы дыбыс, көне кинопроектор Сәбит Мұқановтың өмір сүрген кезеңді шынайы жеткізіп, өңір тарихын еске түсірді. Әсіресе, аға буын өкілдері өткен өмірге қайта оралғандай әсер алды. Қалалық ардагерлер кеңесінің төрайымы Сара Тасеменова бұл шараға жас буын өкілдерінің шақырылғанына ризашылығын білдірді. Оның пікірінше, бүгінгі ұрпақ өңір тарихы, жерлес ақын-жазушылар жайында көп білуі тиіс. Көрсетілімнен соң көрермендерге Сәбит Мұқановтың кітаптары мен қолтаңбаларының көрмесі ұсынылды.

Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының бөлім меңгерушісі Әсемгүл Малибаеваның айтуынша, Жамбыл ауданындағы Сәбит Мұқановтың музей-үйі Қазақстанның киелі жерлері картасына енгізілген.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp