«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТҮСІНДІРУ ЖАЛҒАСУДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар мен жарналарды жинақтау, қызмет көрсетуші медициналық ұйымдарға ақы төлеу және оларды есепке алу міндеттері жүктелген. Бүгінде қордың электронды ақпараттық жүйесі мен ресурстарын құру және дамыту бойынша жұмыстар жүргізілді.

Қазіргі уақытта жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлерден түскен аударымдар мен жарналар көлемі 133 млрд. теңгені құрады. Соның ішінде біздің өңір бойынша 3 млрд. теңге жиналды. Республика бойынша МӘМС-ға бөлінетін төлемдер мен жарналар 6,64 млн. адамға аударылды. 2018 жылы бірыңғай жиынтық төлем енгізіліп, өз-өзін жұмыспен қамтыған тұрғындар зейнетақы, салық және әлеуметтік сақтандыру жүйелеріне қатыса алатын болды. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі 2020 жылы толық іске қосылып, жинақ көлемі 240 млрд. теңгеге жетеді деп болжанып отыр. Бұл қаржы МӘМС пакеті арқылы халыққа көрсетілетін медициналық көмек үшін төленеді.

Қордың облыстық филиалы биыл тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында қызмет көрсетуші 52 емдеу мекемесімен келісімшартқа отырды. Соның ішінде жиырма екі жекеменшік медициналық ұйым бар. Бұл орайда тегін медициналық қызмет көрсетуші ұйымдар арасында әкімшілік кедергілер азайғанын айтып өткен жөн.

Биыл емханалық-амбулаторлық көмекті дамыту бойынша жұмыс жалғасуда. Денсаулық сақтау саласында жалпы тәжірибедегі дәрігерлердің жүктемесін азайту, ауруларды басқару бағдарламасын енгізу, емханалық-амбулаторлық көмек пен жедел жәрдем тарифтерін көтеру сияқты маңызды міндеттер тұр. Осы мақсаттарға 13 млрд. теңге бөлінді. Учаскелік медицина мамандарына ауруларды басқару бағдарламасын енгізу мен патронаж үшін қосымша ақы төлеу көзделген. Сондай-ақ, денсаулық сақтау саласында жұмыс істейтін еңбекақысы төмен қызметкерлердің жалақысын көтеруге 25,9 млрд. теңге қарастырылған. Онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспарды жүзеге асыруға 8,8 млрд. теңге бөлінді.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында қолжетімді көмекті жетілдіру қор мамандарының басты міндеті. Қазір тұрғындар арасында әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Лариса ГОРДЕЕВА, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры облыстық филиалының директоры.

Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp