«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАТЕЛІККЕ ЖИІ ЖОЛ БЕРЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қоғамдық ұйым өкілдері «Жасырын сатып алушы» әдісі арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Петропавл қаласындағы №1 және Қызылжар ауданындағы филиалдарының жұмысын тексерді. 

Алдымен Петропавл қаласындағы №1 бөлімге барған «жасырын сатып алушы» «Connectionpoint» бағдарламасы тек екі компьютерде қолданылатынын анықтады. Соның салдарынан отызға жуық адам кезекке тізілген.

Ал Қызылжар аудандық филиалында «жасырын сатып алушыға» мемлекеттік қызмет көрсеткен маман туыстық қарым-қатынастары расталмай үшінші тұлғаға мекенжай анықтамасын ала алмайтынын айтқан. Сондай-ақ, бұл үшін үшінші тұлғаның жеке кабинеті және СМС-құпиясөз арқылы мекенжай анықтамасын алғанын растауы қажет екенін де қосқан.

Мұндай қателікке осыған дейін мемлекеттік корпорацияның басқа да филиалдары бірнеше рет жол берген болатын. Сондықтан Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті мекемелерге ескертулерді орындап, мемлекеттік қызмет көрсететін мамандармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін тиісті ұсыным хаттар жолдады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp