«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУЫЛДАРДЫ ДАМЫТУҒА 90 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2019-2021 жылдарда ауылдарды дамытуға 90 млрд теңге бөлуді тапсырды.

«Біздің ауылдарды өсім нүктелеріне айналдыруымыз керек Әрбір ауылда қандай да бір жұмыс орнын ашу керек. Ол үшін микронесиелер бар. Жұмыс берсек, тұрғындар ауылда қалады. Бізде бірінші мамандықты тегін оқыту жүйесі, Жол картасы бар. Мүмкіндіктер мол. Тек нақты жұмыс істеу керек. Баспана мен жол салып, әлеуметтік нысандарды тұрғызып, шағын және орта бизнесті дамыту керек. Ауылда өзінің әлеуеті бар. Өңдеу өнеркәсібін ол үшін дамыту керек. Елімізде үлгілі ауылдар жетерлік», – деді Президент  Астанада өтіп жатқан «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде.

Осыған байланысты Президент Үкіметке «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасын жүзеге асыру үшін ұсыныстарды әзірлеуді тапсырды. «Осы бағытта қаржыландыру бойынша 2019-2021 жылдары 90 млрд теңге бөлуді тапсырамын. Осы жастарды ауылда ұстап тұруға мүмкіндік береді», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

 https://www.inform.kz/kz/nursultan-nazarbaev-auyldardy-damytuga-90-mlrd-tenge-boludi-tapsyrdy_a3502472

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp