«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ВАГОН ЖЕТІСПЕЙДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жыл сайын вагон тапшылығынан тығырыққа тірелетін солтүстікқазақстандық диқандардың мәселесі әлі шешімін табар емес. «Айта-айта Алтайды, Жамал апам қартайды» демекші, мәні жоқ басқосулар жергілікті жүк тасымалдаушыларды әбден шаршатты.

Облыстық кәсіпкерлер палатасында өзекті мәселеге қатысты кезекті жиын өтті. Өкінішке қарай, бұл жолы да жергілікті кәсіпкерлердің атқарылған істерден гөрі тол­ғақты мәселені шешудің ұтқыр жолдарын күткен үміті ақталмады. Жиын барысында “Қазтеміртранс” АҚ-ы компаниясы директорының орынбасары Абзал Салықбаевтың айтуынша, былтыр Солтүстік Қазақ­стан мен Ақ­мола облыстарынан 40,8 мың ва­гонға тиел­ген 2,7 млн. тонна астық тасы­мал­данып, 116,7 мың тонна ұн­ды жеткізу үшін 1896 вагон жалға берілген. Резервте 14 мыңнан астам вагон бар.

Жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері делдал-опе­ратор – “Еуротрансгрупп” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қыз­­метіне жүгінуге мәжбүр. Алайда, делдалдың қызмет көрсету бағасы кәсіпкерлердің қалтасына салмақ түсіруде, қызметтің сапасы да көңілден шықпауда. Кездесу барысында делдал-опе­ратордың өкілдері де өзекті мәселеге қатысты пікірлерін білдіргенімен нақты бір ұсыныстарын айтқан жоқ.

Компания өкілдері диқандарға делдалдық қызметтің жаңартылған, оңтайлы бағасын ұсынудың орнына сырғытып салма жауаппен ғана шектелді. Темір жолдағы түйткілді тү­й­ін­­дерге қашан нүк­те қойылары белгісіз.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp