Облыс орталығындағы Мир көшесінің бойында автобус жүргізушісі 45 жастағы ер адамды соғып кетті.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жаяу жүргінші жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған. Жол-көлік оқиғасының салдарынан түрлі дене жарақатын алған ол ауруханаға жеткізілді.