«Қасым хан» тарихи сериалына актерлер іріктелуде.
«Қазақфильм» киностудиясы Қазақстанның 24 қаласында кастинг өткізуді көздеп отыр. Бұл жұмыс Алматыда басталып та кетті. Кастингке кәсіби актерлермен қатар 3-80 жас аралығындағы барлық тұрғындар қатыса алады. Басты талап – қазақ тілінде еркін сөйлеу керек.
Көпсериялы фильм қазақтың атақты хандарының бірі – Қасым ханның өмірі мен қызметі туралы баяндайды. Жобаның көркемдік жетекшісі танымал түрік режиссері Метин Гюнай. Ол Ертұғрыл бей туралы сериалдың режиссері.