«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА ҚОЛДАУ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Нұр Отан” партиясының кезекті XVIII съезінде тұрғындардың әлеуметтік мәселелеріне басымдық беріп, көпбалалы отбасыларға жәрдемақы мөлшерін көбейту қажет екенін айтты.

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайы Мемлекет басшысының назарында. Съезд барысында Нұрсұлтан Назарбаев алда тұрған бірқатар ауқымды міндеттерге тоқталып, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында түрлі қолдау шараларын ұсынды. Елбасының айтқан ұсыныстары көңілден шықты. “Мемлекеттің қуаттылығы мен экономиканың даму қарқыны азаматтардың тұрмыс сапасымен өлшенеді. Сондықтан мен өзіме сенім артқан халықтың болашақта емес, қазір бақытты болғанын көргім келеді”, – деп айтқан Нұрсұлтан Назарбаевтың осы бір сөзі маған ерекше әсер етті. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған көпбалалы отбасындағы әрбір балаға 21 мың теңгеге жәрдемақы төленетіні көңілге қуаныш ұялатты. Бұл жағдайы төмен отбасылар үшін үлкен көмек. Сондай-ақ, көпбалалы және толық емес отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі балалары бар, аз қамтылған отбасыларға пәтер сатып алудың қолжетімділігі артады.  Тұрғын үй-құрылыс жинақ жүйесі арқылы жылдық 2-3 пайызбен тұрғын үй заемын беру жеңілдіктері қарастырылатыны қуанышымызды еселей түсті. Көпбалалы ана ретінде әлеуметтік жағдайға ден қойған Елбасымызға айтар алғысым шексіз. 

Мәншүк НАЗЫБАЙҚЫЗЫ,

көпбалалы ана.

Айыртау ауданы. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp