«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕРЕЙЛІ БЕЛЕС

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жамбыл ауданындағы Пресновка қазақ орта мектебінің жиырма жылдығына орай кездесу кеші өтті.

Осыдан жиырма жыл бұрын балаларын қазақша оқытуға құлшыныс білдірген ата-аналардың арқасында қазақ мектебін ашуға мүмкіндік туған. Бүгінде білім ордасынан қияға қанат самғаған түлектердің әрқайсысы өз жолдарын тауып, түрлі салада еңбек етуде. Соның бірі – Мағзұм Төлеш.

– Егемен елімізде әрбір баланың сапалы білім алуына жағдай жасалған. Өзіміздің ана тілімізде білім алу мен үшін үлкен бақыт. Бізге сапалы білім, саналы тәрбие берген ұстаздарға алғысым шексіз. Осынау атаулы күнде ұстаздарымыздың жанынан табылып, өткен күндерді еске алдық. Астана, Алматы, Көкшетау қалаларынан келген сыныптастарымды көріп қуандым. Өмірімнің сәулелі сәтіндей болған мектеп өмірі қызықты өтті, – деді ол.

Әр салада табысқа жетіп, еліміздің дамуына өзінің үлесін қосып отырған шәкірттерді ұстаздары да мақтан етеді. Бүгінде мұнда 300-ден астам бала білім алуда. Мектептің жанында елу орындық интернат жұмыс істейді. Шара соңында үздік мұғалімдер Алғыс хаттармен марапатталды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp