«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ШЕКСІЗ МҮМКІНДІКТЕР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық бейнелеу өнері мұражайында көру қабілеті төмен азаматтарға арналған “Ұлы дала жауһарлары” атты көрме өтіп жатыр. 

Шара Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың “Ұлы даланың жеті қыры” мақаласын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылған. Президент аталмыш еңбегінде Қазақстанның әрбір азаматының өз мемлекетінің сан ғасырлық мәдениетін құрметтеп, мақтан тұтуы тиіс екендігін тілге тиек еткен еді. Мұражай қызметкерлері осы міндетті іске асыру аясында мүмкіндігі шектеулі жандардың назарына Ә. Қастеевтің, Н. Крутильниковтың, Ж.Шәрденовтің, Ә.Ысмаиыловтың кескіндеме туындыларын ұсынды. Мұнда Оқушылар сарайы жанындағы көркемсурет мектебі тәрбиеленушілерінің көлемді картиналары да бар. Әр туындының жанында Брайль шрифімен жазылған қысқаша мәліметтер тақтасы орналастырылған. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандар “Атамекен” экпозициясы негізінде әзірленген 14 картинаның барельеф көшірмесін қолмен ұстап көре алады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp