«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АҚЫЛҒА ҚОНЫМДЫ БОЛУЫ КЕРЕК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Үш тілділікті енгізу ақылға қонымды жүргізілуі тиіс.

Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.  

«Біздің балаларымыз – жаһан балалары. Олар бүкіл әлемдік кеңістікте, үздік жоғары оқу орындарында білім алуда. Сондықтан қазақ, орыс және халықаралық ағылшын тілін білу маңызды», – деді Мемлекет басшысы.

 Бірақ, Елбасы мұны асығыс жүргізбеу қажеттігін ескертті.

«Алдымен педагогтерді дайындап алу қажет. Ағылшын тілін білетін физика, математика және химиядан сабақ беруге қабілетті педагогты қаншама оқыту қажет. Ал біздің министрлік ертеңнен бастап-ақ мұғалімдерге сабақ бере бастауды тапсырды. Үш айға курсқа шақырып, оқытасыңдар. Алайда кім үш айдың ішінде математиканы ағылшын тілінде үйрете алады? Бұған қоса, мол қаражат та жұмсалды. Шетелден мұғалімдерді шақырып, сабақ беруді бастаған жеңілірек болар ма еді. Сондықтан бұл мақсат пен міндет қала береді және министрлік бұл тұрғыда да дұрыс бағытта болды. Бірақ, мұның барлығы ақылға қонымды болуы әрі адамдарға неліктен, қашан қажет екендігі түсіндірілуі тиіс еді», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

https://www.inform.kz/kz/ush-tildilikti-engizu-akylga-konymdy-zhurgizilui-tiis-elbasy_a3502495


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp