«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БОЛАШАҚ ОФИЦЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Биыл Ішкі істер министрлігі ЖОО-дарының қырыққа жуық курсанты солтүстікқазақстандық полиция қатарында тәжірибеден өтуде. «Жастар жылы» аясында курсанттар құқық қорғау органдарының ардагерлерімен кездесіп, ведомствоның мұражайын аралады, тәжірибелі офицерлердің ақыл-кеңесін тыңдады.

Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Еңбек Сембин болашақ офицерлерге үлкен үміт артылып, қойылатын талап та жоғары екенін айтты. Заманауи тәртіп сақшысы үнемі өзін-өзі жетілдіріп отыруы тиіс. Шара барысында алты жас қызметкер мен курсантқа ведомствоның Алғыс хаттары табысталып, тағы 34 полицей алғашқы қызметтік куәліктерін салтанатты түрде алды.

Кездесу соңында қатысушылар «Елбасы жолы. Астана» фильмін тамашалады. Курсанттардың дипломалды тәжірибесі мамыр айына дейін жалғасады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp