Димаш Құдайберген АҚШ төрінде өтіп жатқан «The World’s Вest» атты таланттар додасының төртінші кезеңіне өтті. Ол америкалық әнші әрі музыкант Эрик Карменнің All by Myself композициясын орындады. Қазақстандық әнші 94-39 есебімен жеңді. Америкалық қазылар алқасының мүшесі Ру Пол Димашқа ең жоғары – 50 балл берді.