«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕСЕПТІ ТЕҢЕСТІРДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru


Шайбалы хоккейден ел біріншілігі аясында жергілікті “Құлагер” мен павлодарлық “Ертіс” командалары плей-офф сынындағы алтыншы кездесуін өткізді.

 Петропавл қаласындағы Спорт сарайында өткен матчта павлодарлық хоккейшілер есепті ашқанымен,  бес минут өтер-өтпес уақытта құлагерлік Илья Ахметов таразы басын теңестірді. Бұдан соң ойын тізгінін ертістіктер қолға алып, Денис Гурьев командасын алға шығарды. Ойынның 45-ші минутында құлагерлік қорғаушы Алексей Грищенконың соққан шайбасы қарсыластың қақпасынан саңылау тапты. Қызылжарлық Денис Стасюктің мергендігінің арқасында кездесу 3:2 есебімен жерлестеріміздің пайдасына шешілді.

Осылайша,  жалпы есеп 3:3 болды. Қос команданың арасындағы ақтық ойын 1 наурыз күні Павлодар қаласында өтеді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp