«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҢА ҚОНДЫРҒЫЛАР САТЫП АЛЫНАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірдің денсаулық сақтау саласында қордаланған проблемалар аз емес. Солардың ішіндегі ең өзектісі – медициналық құрал-жабдықтардың көптен бері жаңартылмауы. Бүгінде олардың тозуы 62,5 пайызды құрап отыр. Осы олқылықтын орнын толтыру үшін биыл республикалық және жергілікті бюджеттен жаңа емдеу аппараттарын сатып алуға 4 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінді. Бұл – өткен жылдармен салыстырғанда 3 есе көп. Жаңа магнитті-резонанстық томограф, 2 ангиограф, 3 рентген кешені және басқа да құрал-жабдықтарға тапсырыс берілді. Сөйтіп, озық технологияларды қолданудың арқасында медициналық қызметтің сапасы артып, нақты диагностика қойылатын болады. Сонымен қатар өзге де шетін мәселелерді шешу үшін Елбасының тапсырмасымен осы заманғы көпсалалы аурухана салынбақ. Оның құрамына облыстың 6 стационары енеді. Бұл ауруханаға жатқызу, емдеу мерзімін қысқартып, көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін оңтайландырады. Жаңа аурухананың жанынан медицина қызметкерлеріне арналған 200 пәтерлі үй салу жоспарланған. 

– Бүгінде 30-дан астам медициналық ұйым және 600-ден астам медициналық нысан жұмыс істейді. Олардың барлығын қамтамасыз ету үшін қомақты қаражат керек. 4 млрд теңгеден бөлек, 900 млн теңге жеке меншік-мемлекеттік әріптестік нәтижесінде қарастырылған. Оған облыстық ауруханаға магниттік резонанстық  томограф сатып алатын боламыз, – дейді облыстықденсаулық сақтау басармасынының басшысы Тимур Сұлтанғазиев. 

Дереккөзі:  “Егемен Қазақстан” газеті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp