«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖҮЗ ШАҚТЫ ЕЛДІ МЕКЕНДІ СУ БАСУЫ МҮМКІН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Үстіміздегі жылғы қыста қар әдеттегіден едәуір қалың түсті. Демек, көктемгі су тасқынының алдын алу бойынша талай шаруа атқарылуы қажет. Осы мәселе облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент мамандарының жіті назарында.

– Көктемгі су тасқыны кезінде облыс бойынша 90-нан астам елді мекенді су басуы мүмкін. Облыс бойынша жүзге жуық елді мекен қауіпті аймақта, ал 18 ауыл тікелей өзендердің сағаларында орналасқан. Бұл елді мекендерде қорғаныс шараларын жүргізу қиын не мүлдем мүмкін емес. Қазірдің өзінде 233 құтқарушы мен 46 арнайы техника болар төтенше жағдайға тастүйін дайын. Кешенді даярлық шараларын жүргізу үшін ел бюджетінен 400 миллион теңге қаржы бөлінді, – дейді облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің бастығы Рамиль Камалов.

Бүгінгі таңда өңір құтқарушылары айтып келмейтін апаттың алдын алу, зардабын азайту, елді мекендерді қорғау, адам, мал шығынын болдырмау, тұрғындардың қалыпты өмір сүруіне жағдай жасау бойынша дайындық жұмыстарын пысықтауда.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp