Керлингтен өңір құрамасы Алматы қаласында өткен Қазақстан Республикасының ІІІ қысқы Жастар ойындарынан жүлделі оралды.
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттерінен жасақталған құрама аралас командалар арасында топ жарды. Атап айтқанда, жарыста Дәулет Тарбак, Глеб Вибе, Роман Жежеря, Виктория Нистор, Кристина Гречман, Рузби Эргашева жеңіске жетті. Бұл студенттерді университеттің “Дене және әскери тәрбие теориясы мен әдістемесі” кафедрасының доценті Денис Зернов және аға оқытушы Иван Буняшин жаттықтырады.