«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

САПАСЫЗ ӨНІМ ЖОЙЫЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қаласында заңсыз саудадан тәркіленіп алынған алкогольдік өнім жойылды.

Көлеңкелі жолмен саудаланбақ болған арақ пен жүзім шарабының 30 мыңнан астам шөлмегі қала сыртындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында бірнеше көлікпен жеткізілді.

Облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің бас маманы Далабай Қабдуалиевтың айтуынша, жарамсыз деп танылған өнімдердің көбінің сақтау мерзімі өтіп кеткен. Контрафактілік тауарлардың тиісті құжаттары мен акциздік маркалары да жоқ.

– Бүгінгі күнде 30 мың 292 шөлмек алкогольдік өнімдерді жою бойынша шешім қабылданды. Оның 28 мыңы сыра өнімдері болса, ал қалғаны пластикалық шөлмектерге құйылған ішімдіктер. Қазіргі уақытта алкогольдік ішімдіктерді пластикалық құтыларға құйып, сатуға тыйым салынған. Мұндай тауарлар міндетті түрде жойылуы қажет, – дейді Далабай Қабдуалиев.

Жойылған арақ-шараптың бос шөлмектері, қораптар мен полиэтилен қаптамалары қайта өңдеуге жіберіледі. Қалдықтарды кәдеге жарату ісімен “Вторсырье” жауапкершілігі шектеулі серіктестік айналысатын болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp