2019-2021 жылдары Қазақстанның ірі қалаларында баспана салуға қосымша 90 млрд теңге бөлінеді.
«Баспанаға мұқтаждық – әлемнің ірі қалаларында да бар мәселе. Мексика мен Үндістанда болғандар біледі. Адамдар жұмыс үшін ағылып келеді, ал баспана жоқ. Мемлекет те бәріне бере бермейді. Сондықтан, Қазақстандағы ірі қалалар үшін 2019-2021 жылдары қосымша 90 млрд теңге бөлінеді», – деді Президент Астанадағы «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде. Сонымен бірге, Президент кіші және моноқалаларды дамыту үшін де жылына 10 млрд теңгеден үш жыл бойы қосымша қаражат бөлінетінін хабарлады.