«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕРГІЛІКТІ ЖОЛДАР ЖАҚСАРАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жергілікті жолдарды жөндеуге 350 млрд теңге бөлінеді.

Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті

Мемлекет басшысы соңғы жылдары республикалық автокөлік желілерінің құрылысы бойынша тарихи маңызды жұмыстардың жүргізілгендігін атап өтті. Нақты айтқанда, 12,5 мың шақырым, автомобиль және 2,5 мың шақырым темір жол салынып, қайта жаңғыртылды.

«Автобан салу маңызды. Дегенмен, үйге дейін жеткізілген жол одан да маңыздырақ. Заманауи жергілікті жолдары желісін кеңейту – бұл Үкіметтің басты міндеті, оның орындалуын партия бақылауы қажет. Бұл мақсатқа қосымша 350 млрд теңге бөлуді тапсырамын», – деді Н.Назарбаев.  Президенттің айтуынша, аталған шаралардың арқасында 2025 жылға қарай облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың 95 пайызының жай-күйі айтарлықтай жақсаратын болады. Сонымен қатар Елбасы өңірлік көлік инфрақұрылымының барлық нысандары, оның  ішінде әуежайлар, авто және теміржол вокзалдары жаңғыртылуы тиістігін баса айтты.   

  https://www.inform.kz/kz/zhergilikti-zholdardy-zhondeuge-350-mlrd-tenge-bolinedi_a3502543

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp