“Қызылжар” автомобильдік өткізу бекетінің шекарашылары Ресейге өтпек болған қазақстандық азаматтан есірткі затын тапты.
Шекарашылар Көкшетаудан Ханты-Мансийск қаласына қарай бағыт алған “Тойота – RAV-4” маркалы автокөлікті қарау барысында жолаушылардың бірі қобалжып тұрғанын аңғарады. “Жеке тексеру кезінде қызметтік ит оның сыртқы киімінің ішкі жақ қалтасынан күдік тудыратын затты тапты. Қағазға оралып, полиэтилен қапшыққа салынған жасыл түсті, өткір иісті өсімдік тектес зат гашиш болып шықты”, – дейді шекара қызметшісі, лейтенант С. Жексембай.
Жолаушы Қызылжар аудандық полиция бөлімінің тергеушісіне жеткізілді.