«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АДАЛДЫҚ – ІЗГІ ҚАСИЕТ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Еліміздің 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру аясында тұрғындардың жемқорлыққа төзбеушілігі мен адалдық қағидатын қалыптастыру мақсатында өңірімізде “Adal azamat – jarqyn bolashaqtyń kepili” акция-марафоны бастау алды. Оны алғашқы болып Есіл ауданы қабылдап, шара аясында жергілікті тұрғындармен, жастармен кездесулер өтті.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің басшысы Елена Степаненко Бұлақ ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, агенттік жұмысындағы жаңашылдықтармен таныстырды. “Қызылжар – адалдық алаңы”, “Қоғамдық бақылау картасы”, “Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолдау”, тағы басқа жобалар туралы айтты. “Бұл жобаларды табысты жүзеге асыру әрқайсымызға байланысты. Біз қоғамдағы тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою мәселелерінде барлық азаматтардың қолдауына сенеміз”, – деді ол.

Бұлақ орта мектебінде “Адал ұрпақ” мектеп клубының қатарына өрендерді салтанатты түрде қабылдау өтті. Есіл ауданының әкімі Ербол Сағдиев пен департамент басшысы Елена Степаненко клуб мүшелеріне еліміздің адал азаматы болуға тілек білдірді.

Бұдан кейін Заградовка орта мектебінің ұжымымен кездесу барысында қамқоршылық кеңестерінің жұмысы, өскелең ұрпақ арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері талқыланды. “Ашық пікірталас” алаңы өтіп, педагогтар департамент басшысына толғандырған сұрақтарын қойды. “Мектептер мен балабақшаларда ақша жинаудың алдын алу үшін агенттік қаражатты мақсатсыз пайдалану және сыбайлас жемқорлық әрекеттерін жүзеге асыруды болдырмайтын толық қаржылық есептілікті жариялауды ұсынады”, – деді Елена Федоровна. “Адал ұрпақ” мектеп клубының мүшелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы флешмоб ұйымдастырып, мектептегі “Парасатты азамат” бұрышымен таныстырды.

Индира БӘЖЕНОВА, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp