«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛДА АУҚЫМДЫ ШАРУА ТҰР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Nur Otan” партиясының кезекті съезінде Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның даму бағытын айқындап, алда тұрған ауқымды міндеттерді саралады.

Қазір тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесінде түбегейлі өзгерістер орын алуда. Мемлекет басшысы халықтың тұрмыстық мәселелеріне ерекше көңіл бөліп, әрбір қазақстандықтың жақсы өмір сүруіне қолайлы жағдай туғызуға ден қойды. Елдің қамын ойлаған көреген басшымыздың сындарлы саясаты бізді биік белеске жеткізеріне сенімдімін. Өйткені, съезд барысында Нұрсұлтан Назарбаев барлық шаралар халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталатынын айтып, ұлттың жаңа игілігі жолында онжылдық перспективаларды белгіледі.

2019 жыл­ғы 1 шілдеден бастап бюджеттік саланың төмен жалақылы жұмыскерлерінің еңбек­ақы­сын 30 пайызға дейін арттыру көзделіп отыр. Аудан­дық, облыстық деңгейлерде тікелей азамат­тармен жұмыс істейтін атқарушы орган­дар­дың төменгі қызметкерлерінің еңбек­ақысы орташа 25 пайызға көтерілмек. Съезде бұл мақсаттарға 2019-2021 жыл­дары қосымша 980 миллиард теңге бөлінетіндігі белгілі болды. Сонымен қатар, көпбалалы отбасыларды қолдау шараларын да атап өтпеу мүмкін емес. Табысы төмен көпбалалы отбасыларды қолдауға жыл сайын 500 миллиард теңгеден аса қаржы қарастырылып, атаулы әлеуметтік көмек көлемі артатыны көңілге қонымды бастама екенін айтқым келеді. Білім беру және денсаулық сақтау салаларын жақсарту және бас­панамен қамтамасыз ету жөніндегі жұ­мыстар да ескерусіз қалмады. Сондықтан бізді алда ауқымды жұмыс күтіп тұр. Баршамыз білек сыбана жұмыс істеп, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға атсалысуымыз керек.

 Нұрбол АЛИН, Алқатерек ауылдық округінің әкімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp