«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛҒЫСЫМЫЗ ШЕКСІЗ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бүгін Сәбит Мұқанов атындағы ғылыми-әмбебап кітапханада “Қазақ еліне тағзым” тақырыбында “дөңгелек үстел” отырысы өтті.

Оның барысында ардагерлер кеңесінің өкілдері саяси қуғын-сүргін тарихын әңгімелеп, Қазақстанға қоныс аударған өзге ұлт өкілдерінің халқымызға деген зор құрметін тілге тиек етті.

2016 жылдан бері елімізде Алғыс айту күні аталып өтіледі. Осы мерекеге орай М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың оқытушысы Ольга Васильева өзге елдердің өкілдерін шеттетпей, бауырына басқан қазақ халқына ризашылығын жеткізді. “Шындығы керек, қазақтар сын сәтте көп ұлттардың өкілдерін өлім аузынан сақтап қалды. Сол кездегі қиыншылыққа қарамастан, бір үзім нанын бөлісіп жеді. Алғыс айту күнінде біз бұл жандарға зор алғысымызды айтып, басымызды иеміз”, – деді ол.

Отырыс барысында “Біз – бір елміз!” атты көрме ұйымдастырылып, “Қазақ халқына деген зор құрметпен” фильмі көрсетілді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp