«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АСЫЛ БАЙЛЫҒЫМЫЗ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Кеңес одағының тұсында 23 ақпан жалпыхалықтық сипаттағы мейрам болатын. Бірақ біз бұл күнді ешқашан мереке деп қабылдаған емеспіз. Өйткені, бұдан тура 75 жыл бұрын дәл осы күні шешен-ингуш халықтарын Орта Азия елдеріне жаппай көшіру басталғанды. Жарты миллионға жуық адам ұзақ уақытқа өз үйлерінен қуылды.

Таңертең ешкімге ештеңе түсіндірместен, жаппай көшіруді бастап, адамдар жүк көлігімен темір жол станцияларына апарылды. Мал тасымалдауға арналған вагондарға отырғызды.

Жаппай көшірудің алғашқы жылдары қаншама адам аурудан, суық пен аштықтан көз жұмды. Жергілікті тұрғындар құшақ жая қарсы алып, қолдарынан келгенше көмек көрсетпегенде, халқымыздың қандай азап шегерін бүгін, тіпті, елестету қиын. Басымызға қиын-қыстау күн туғанда қазақ халқы мейірімділігін, адамгершілігін көрсетіп, жанашырлық танытып, депортация құрбандарына аман қалуға қол ұшын созды. Халқымыз жылылық пен қонақжайлылық үшін шексіз ризашылығын білдіреді. Бүгінде Қазақстан көбіміздің туған үйімізге айналды. Сондықтан біз де алдағы уақытта елімізде орнаған бірлік, достық, ынтымақтастықты сақтап қалу үшін аянып қалмаймыз.

Пегмат АВХАДОВА, “Вайнах” шешен-ингуш бірлестігінің өкілі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp