Ресейдегі танымал өнер жұлдыздарының бірі, талантты әнші әрі биші Виктория Дайнеко да – біздің еліміздің тумасы. Ол 1987 жылы Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында дүниеге келді.
Он бір жасынан бастап балет үйірмесіне қатысқан болашақ жұлдыз мектепті тамамдағаннан кейін “Отражение”, “Фаэтон” атты эстрадалық топтарда өнер көрсете бастайды. Мәскеудегі жоғары оқу орнына түскеннен кейін ағылшын тілін меңгеруге ден қояды.
Виктория Дайнеко 17 жасында “Фабрика звёзд 5” тележобасына қатысып, өзінің өнерімен тыңдарман қауымды тәнті етті. Осы байқаудағы жетістігі үшін оған Мәскеуден зәулім үй берілді. “Я буду лучше”, “Лейла” “Снилось мне” сынды өзге де туындылар әншінің танылуына жол ашты.
Нұргүл ОҚАШЕВА, “Soltústik Qazaqstan”.