«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕЛ ҮМІТІН АҚТАҒАН ТОЛАҒАЙЛАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Көш басында

“WIBA”, “WBU”, “IBO Championship” және “WBC Silver” белбеулерінің иегері, қазақстандық кәсіпқой боксшы Фируза Шәріпова “WBA” (Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы) рейтингінде көш бастады.

Бұл Фирузаға 59 килограмм салмақтағы әлем чемпионы, “WBA” белбеуінің иегері Кэти Тейлормен кездесуге міндетті үміткер атануына мүмкіндік береді.

Спортшы келесі жекпе-жегін финляндиялық қарсыласы Ева Вальстреммен өткізеді.

Үздіктер тізімінде

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин АТР әлемдік рейтингінде алғашқы 40 спортшының қатарына кірді.

Бұған дейін 50-ші орында тұрған қазақстандық теннисші жаңартылған дүниежүзілік рейтингте 39-шы сатыға көтерілді. Францияның Марсель қаласында өткен “АТР 250” турнирінің финалына дейін жеткен отандасымыз грекиялық Стефанос Циципасқа есе жіберген еді.

Қазақстандық теннисші енді “Дубай – 2019” халықаралық турниріне қатысады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp