«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҢА ПЕЛЕ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Әйгілі бразилиялық футболшы, XX ғасырдың үздік футболшысы, үш дүркін әлем чемпионы болған Пеле (Эдсон Арантис ду Насименту) “France Football” басылымына берген сұхбатында өзінің жетістігін қайталай алатын ізбасарының есімін атады.

Аты аңызға айналған футбол ардагері Франция құрамасының әрі “ПСЖ” клубының шабуылшысы Килиан Мбаппеннің өнерін жоғары бағалайды екен.

– Ол 19 жасында әлем біріншілігін жеңді, ал мен 17 жасымда чемпион болдым. Менің ойымша, ол “Жаңа Пеле” атануға лайықты жалғыз футболшы, – деді “футбол королі”.

Айтса айтқандай, “ПСЖ” клубының өкілі былтыр ел ішіндегі барлық бәсекеде жеңіске жетті, сондай-ақ, Франция құрамасының мүшесі ретінде әлем чемпионы атанды. Килиан Мбаппе Ресейде өткен әлем чемпионатында “Ең жас үздік футболшы” аталымын жеңіп алды, “France Football” басылымының “Копа трофейі” атағының иегері атанды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp