«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА ЖӘРДЕМАҚЫ ҚАЛАЙ ТӨЛЕНЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева көпбалалы отбасыларға жәрдемақы қалай төленетіндігін түсіндірді.

«Қазіргі уақытта атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы табысы бекітілген кедейшілік шегінен – 14,8 мың теңгеден немесе күнкөріс минимумының 50 пайызынан төмен азаматтарға көрсетіледі. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, кедейшілік шегі күнкөріс минимумының 70 пайызына дейін көтерілді және 20 800 теңгені құрайды. Бұл атаулы әлеуметтік көмек алушылардың әрбір баласына 20 800 теңге аударылады дегенді білдіреді. Бүгінгі күні 4 және одан да көп баланы тәрбиелеп отырған отбасы көпбалалы саналады. Егер көпбалалы отбасыда 4 бала болса, онда жәрдемақының жалпы сомасы 83 мың теңге болады. Ал егер анасы үйде отырса, онда оның атаулы әлеуметтік көмегі қосылады. Мұндай отбасының жалпы табысы шамамен 103 мың теңге болады», – деді Аида Балаева.

  https://www.inform.kz/kz/aida-balaeva-kopbalaly-otbasylarga-21-myn-tenge-zhardemaky-kalay-tolenetinin-tusindirdi_a3502901

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp