«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨҢІЛІМІЗДІ МАРҚАЙТТЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен «Nur Otan» партиясының XVIII съезінде мен сияқты көп бала тәрбиелеп отырған аналарға қуаныш сыйлаған біраз мәселелер айтылды.  Солардың қатарында бес немесе одан да көп перзенті бар аналарға үй алу үшін жеңілдіктер қарастырылатыны, әр балаға берілетін жәрдемақының өсетіні жанға шуақ сыйлады.

Мен көпбалалы анамын. Алла берген алты перзентім  бар. Бүгінде Мамлют ауданында тұрып жатырмыз. Бұрын мемлекеттен алты балаға небары отыз мың теңгеге жуық жәрдемақы алып жүрдім. Бұл, шыны керек, балапандарымның тамағынан артылмайды.  Әрбір ана баласының  дұрыс білім алып, бос уақытын тиімді өткізуін, спортпен шұғылданып, түрлі үйірмелерге қатысуын ойлайды емес пе? Мен де үлкен баламды қаладағы жасөспірімдерге арналған спорт мектебіне беруді армандап жүрген едім. Қолымның қысқалығы көп ойларымның жүзеге асуына кедергі келтірді. Елбасымыздың көпбалалы аналарға көрсетілетін қолдауын естігенде жанарыма жас келді. Қуаныштың жасы. Сонымен қатар Президенттің: «Бұл санаттағы азаматтарға Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы жылдық 2-3 пайызбен тұрғын үй заемын беру жеңілдіктері тетіктерін әзірлеуді тапсырамын. Ол үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне қаражат қажет болады және оған жыл сайын 50 млрд теңге бөлінсін», – деген тапсырмасы көңілімізді бір марқайтып тастады.

  Оғлай ЖАПАБАЕВА, көпбалалы ана.

Мамлют ауданы. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp