«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕРЗІМІ ӨТКЕН АЗЫҚ-ТҮЛІК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті тағамның сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы мониторинг жүргізді. Үстіміздегі жылдың қаңтар айында тамақ өнімдері мен азық-түлік тобына жатпайтын тауарлардан 433 сынама алынып, соның 19,1 пайызы техникалық регламентке сәйкес болмай шықты.

Тамақ өнімдерінен алынған 250 сынама қорытындысы бойынша жарамдылық мерзімі өткен, таңбаланбаған, құрамында шошқа ДНҚ-сы бар шұжық өнімдері анықталды. Тайынша ауданындағы “Светлана” дүкенінде жарамдылық мерзімі өтіп кеткен ресейлік “Омский бекон” АҚ-ның шұжығы мен Аққайың ауданының орталығындағы “Сказка” дүкенінде ет өнімдері саудаланған. Жамбыл ауданындағы бірнеше сауда нүктесінде де шұжық өнімдеріне қатысты осындай фактілер тіркелді. Мамлют, Уәлиханов, Аққайың, Шал ақын аудандарындағы дүкендерде Ресейден жеткізілген кейбір шұжықтардың құрамында сәйкес келмейтін қоспалардың бары зертханалық зерттеу нәтижесінде белгілі болды.

Жоспардан тыс жүргізілген бақылау қорытындысы бойынша адамның денсаулығына қауіп төндірген өнімдерді саудалағаны үшін кәсіпкерлерге жалпы сомасы 151 мың теңгені құрайтын алты хаттама толтырылды.

Гүлнұр УМАРОВА, облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің қызметкері.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp