Биыл 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мерекесін атап өтуге байланысты қазақстандықтар 14 күн демалады.
Халықаралық әйелдер күні жұмаға келуіне байланысты, мереке үш күн – 8-10 наурыз аралығында тойланады. Дәстүр бойынша, Қазақстанда көктемгі Наурыз мерекесі 3 күн – 21 наурыздан 23 наурызға дейін аталып өтіледі. 23 наурыз сенбіге келетіндіктен, демалыс күні дүйсенбіге, 25 наурызға ауысады. Жалпы, биылғы наурызда 14 демалыс және 17 жұмыс күні бар.
https://www.inform.kz/kz/kazakstandyktar-nauryzda-kansha-kun-demalady_a3502825