«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

«НҰР ОТАННЫҢ» САЯСИ КЕҢЕСІНЕ ЖАҢА МҮШЕЛЕР САЙЛАНДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Астанада өткен «Нұр Отан» партиясының съезінде Саяси кеңестің жаңа құрамы таныстырылды.

Саяси кеңес құрамында Үкімет басшысы Асқар Мамин, Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев, Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин, сондай-ақ бұрынғы Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев та бар. Бұдан бөлек, Астана әкімі Бақыт Сұлтанов, Алматы әкімі Бауыржан Байбек, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, Президент Әкімшілігінің басшысы Әсет Исекешев, Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Марат Тәжин, Үкімет басшысының орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова, Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева, Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахимов, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Саяси кеңестің жаңа құрамына кірді.

Жаңадан сайланған мүшелердің қатарында Солтүстік Қазақстан облысынан «Мəмбетов» шаруа қожалығының басшысы Еркебұлан Мәмбетов пен «Радуга» серіктестігі бас директорының орынбасары, бастауыш партия ұйымының төрағасы Максим Большедворов та бар.

Съезд барысында “Нұр Отан” партиясы саяси кеңесі бюросының жаңа құрамы бекітілді. Жаңа құрамға Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев, Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин, Премьер-Министр Асқар Мамин, Президент әкімшілігінің басшысы Әсет Исекешев, Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Марат Тәжин, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова, Астана әкімі Бақыт Сұлтанов, Алматы әкімі Бауыржан Байбек, Сенат депутаты Дариға Назарбаева, «Нұр Отан» Партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев, «Қазақстан Халық банкі» АҚ тәуелсіз директоры, директорлар кеңесінің төрағасы Александр Павлов кірді.

Дереккөзі: «Егемен Қазақстан».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp