«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПАРТИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ СЪЕЗІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мемлекет басшысының төрағалығымен “Нұр Отан” партиясының кезекті XVIII съезі өтті. Партияның 20 жылдығына арналған съезге өңірлік конференцияларда сайланған делегаттар, Парламент депутаттары, мемлекеттік басқару органдарының, ұлттық холдингтер мен компаниялардың басшылары, азаматтық қоғамның, үкіметтік емес ұйымдардың және жастар құрылымдарының, халықаралық ұйымдардың, дипломатиялық корпустың, бастауыш партия ұйымдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, ғылым және мәдениет қайраткерлері, партия ардагерлері қатысты.

Негізгі отырыс басталар алдында Елбасы “Нұр Отан” партиясының қазіргі жұмысына, партияны жаңғыртуға және оның тарихына арналған арнайы көрмені аралады.

Мемлекет басшысы сөйлеген сөзінде Қазақстанның өткен 20 жыл ішінде қол жеткізген жетістіктеріне тоқталып, елімізде болған барлық оң өзгерістердегі “Нұр Отан” партиясының рөлін ерекше атап өтті.

– Біздің басты басымдығымыз – азаматтарымыздың тұрмыс сапасын арттыру және Қазақстанды әлеуметтік бағыттағы мемлекет ретінде дамыту. Біз қиын кезеңдердің өзінде әлеуметтік міндеттемелерімізді орындадық. Елімізде әрдайым әлеуметтік салаға мол қаржы бөлініп келді, бұл көрсеткіш алдағы уақытта бірте-бірте арта беретін болады, – деді Елбасы.

Съезд барысында партияның “Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты” атты 2030 жылға дейінгі жаңа бағдарламасы, партияның саяси кеңесі мен Орталық бақылау-тексеру комиссиясының жаңа құрамы бекітіліп, партия жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді, сондай-ақ, партияның саяси кеңесі мен Орталық бақылау-тексеру комиссиясы жұмыстарының қорытындылары жөніндегі есептері қабылданды.

“Akorda”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp