«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАТУЛЫҚТЫҢ ТАЛ БЕСІГІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Талай халықтар еркінен тыс қазақ даласына жаппай көшірілгенін ата-бабамыздың әңгімелерінен білеміз. Сол кезде қазақ халқының мейірімділігі мен кеңпейілділігінің арқасында мыңдаған адам өлімнен аман қалып, уақыт өте келе Қазақстанды туған Отаны ретінде қабылдады.

Бүгінде бейбітшілік пен қоғамдық келісім еліміздегі басты құндылықтарға айналып, осында тұрып жатқан этностардың өзара түсіністігі мен сыйластығының арқасында сақталып тұр. Сондықтан біз тарихымыздағы жағымсыз тұстарды да әрқашан есімізде сақтап, бүгінгі ұрпаққа ынтымақтастықтың мән-маңызын түсіндіріп келеміз. Осы мақсатта жыл сайын Алғыс айту күнінде қазақ халқына ризашылығымызды білдіріп, Қызылжар өңірінде түрлі іс-шаралар ұйымдастыруды дәстүрге айналдырдық. Өткен жылы жергілікті этно-мәдени бірлестік өкілдерінің қатысуымен 130-ға жуық түрлі шара өткізілген болатын. Биыл да бірқатар шараларды өткізуді жоспарлап отырмыз.

Мария ТАТАРЕНКО, “Радзіма” беларусь этномәдени орталығының төрайымы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp