«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТУҒАН ЖЕРГЕ ТАҒЗЫМ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық бейнелеу өнері мұражайының қорында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері Анатолий Бургаевтың 100-ге жуық еңбегі сақталған. Солардың ішінде “Мереке” атты туындысын ерекше атап өткен жөн.

Бұл – жерлесіміздің қазақ халқының болмыс-бітімін, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын суреттейтін еңбектерінің бірі. “Мереке” картинасында автор ұлтымыздың тұрмысын дөп тауып көрсеткендей. Облыстық бейнелеу өнері мұражайының қызметкері Жібек Жүзенованың айтуынша, бұл еңбегі арқылы суретшінің туған өлкесіне деген құрметін аңғаруға болады. Анатолий Николаевич аталмыш картинаны бірнеше ай бойы салған. Қазақ халқының тарихы туралы кітаптар оқып, ақпарат жинаған. “Суретші түркі әлемін, соның ішінде қазақ халқының өмір сүру салтын тереңірек тану үшін үнемі ізденісте болды. Анатолий Бургаев қазақтардың ортасында ғұмыр кешіп, әрдайым олар жөнінде көп білуге ұмтылды. Соның нәтижесінде осы еңбек дүниеге келді”, – дейді мұражай қызметкері.

Гүлбике КУБЕНОВА, “Soltústik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp