«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТҮЙІНДІ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ШЕШІМІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Біз мұғалімдердің жалақысын өсірдік, өздерінің кәсібилігін дәлелдегендерге 50 пайыз, жалпы 30 пайыз өсірдік. 1 шілдеден бастап бюджет саласындағы ең аз жалақыны 30 пайызға өсіруді тапсырамын”, – деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Nur Otan” партиясының кезекті съезінде.

Мемлекет басшысы атап өткендей, мұғалімдердің еңбекақысы жыл сайын артып, жұмысымыздың лайықты бағасын алып отырмыз. Дегенмен, төмен жалақы алатын азаматтар аз емес. Бұл мәселемен, әсіресе, ауылдық жерде қызмет ететін мамандар жиі кездеседі. Ауылдарда тиісті мамандардың жетіспеушілігі де осыдан туындайтын болса керек. Жоғары оқу орнын тамамдаған жас мамандардың да таңдауы еңбекақысы төмен жерге түсе қоймайды. Сондықтан Нұрсұлтан Әбішұлының: “Аймақтардағы атқарушы орган қызметкерлерінің айлығын 25 пайызға өсіру үшін 980 млрд теңге бөлінеді”, – деген тапсырмасы орындалса, бір емес, бірқатар түйінді мәселелердің шешімі табылатынына сенімдіміз.

Сондай-ақ, кірісі аз, көпбалалы отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетіліп, жәрдемақы артатыны да көпшілікке үлкен қолдау болары сөзсіз.

 Арайлым МӘЛІКОВА, Мектеп негізгі мектебінің мұғалімі.

Есіл ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp