«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАЗАҚ ЖІГІТІНІҢ ЖЕҢІСІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ресейлік қазақ Дамир Исмағұлов ережесіз жекпе-жек әлеміндегі ең белді ұйым – “UFC”-дің “Fight Night 145″ турниры аясында өткен екінші кездесуінде жеңіске жетті.

Орынбордың қазағы Чехияның Прага қаласында испаниялық Хоэль Альвареспен күш сынасты. Барлық төрешілер үш раундтың қорытындысы бойынша қандасымыздың мықтылығын мойындады. Бұдан кейін ол тілшілерге сұхбат берместен ауруханаға кетіп қалған болатын. Оның менеджері Саят Әбдірахмановтың айтуынша, Дамир шынтағын зақымдап алғанына қарамастан, жұдырықтасуды тоқтатпаған, нәтижесінде жарақаты асқынып, дәрігердің көмегіне жүгінуіне тура келген.

Қазақ жігіті былтыр Австралияда жергілікті спортшы Алекс Горгисты ұпай санымен ұтқан еді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp