«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚУАНУҒА СЕБЕП БАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мен жалғызбасты анамын. Он жастағы үлкен қызым сал ауруына шалдыққан. Өздігінен жүріп-тұра алмайды. Төсекке таңылған балапанымның жағдайын жасап, біраз жылдан бері үйде отырмын.

Бос уақытымда тоқыма тоқып, содан азғантай табыс тапқаныммен, қызымның күтіміне байланысты тұрақты жұмысқа шығуға мүмкіндік жоқ. Осы күнге дейін екі баланың анасы ретінде 70 мың теңге көлемінде жәрдемақы алып келдім. Шыны керек, бұл қаржыны бір айға әрең жеткіземіз. Үлкен қызымның дәрі-дәрмегіне көп шығындаламыз. Әрі пәтер жалдауға ақша төлейміз.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев “Нұр Отан” партиясының XVIII съезінде биылдан бастап қазақстандық отбасылардың әл-ауқатын арттыру жөнінен бірқатар игі істердің жұзеге асатынын айтқанда, өзім сияқты аналардың қуанғанына ешбір күмәнім жоқ. Бақытымызға орай, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға берілетін жәрдемақының көлемі 30 пайызға ұлғайтылатын болды. 2019-2021 жылдары бұл мақсатта мемлекет бюджетінен 300 миллиард теңгеден астам сомада қаржы бөлінбек екен. Көп балалы және мүмкіндігі шектеулі ұл-қыз тәрбиелеп отырған аналарға қамқорлық танытып, тұрмыс жағдайымызды жақсартуды үнемі есте ұстайтын Елбасымызға деген алғысымыз шексіз. Бала – болашағымыз. Олардың жағдайын ескеретін елдің ертеңі қашан да жарқын болмақ!

Раушан Игенова,

Петропавл қаласының тұрғыны.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp